Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Иті де өлген": Канадада ерлі-зайыпты аюдың шабуылынан қаза болды

Опубликовано:

Гризли аюы
Гризли аюы. Көрнекі фото: pixabay.com

Канаданың оңтүстігіндегі Банф ұлттық паркінде екі туристке гризли аюы шабуыл жасап, салдарынан олар мерт болды. Кейін жыртықшты ұлттық саябақ қызметкерлері ұйықтатып тастаған.

Банф ұлттық паркі өкілдері өздерінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлауынша, 29 қыркүйекте кешкі уақытта диспетчерлер арнайы GPS құрылғысының көмегімен Я-Ха-Тинда ранчосынан батысқа қарай Ред-дир өзенінің аңғарында сұр аюдың шабуыл жасағаны туралы белгі алған.

Оқиға орнына жеткен арнайы құтқару тобы сол жерден екі адамның денесін тапқан.

Сондай-ақ мамандар сол аймақтан адамдарға шабуыл жасаған агрессивті жыртқышты тапқан. Жыртқышты ұйықтатып тастауға тура келген.

Кейінірек марқұмдардың денесі жақын маңдағы Сандре қаласына жеткізілген.

Банф ұлттық паркі жұма күні болған шабуылды "қайғылы оқиға" деп атап, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтқан.

CBC телеарнасының мәліметінше, қаза тапқан жандар азаматтық некеде болған. Бұл туралы олардың туыстарының бірі хабарлаған. Туристермен бірге олардың иті де өлген.

"Олар ұзақ уақыттан бері бірге еді, табиғатты жақсы көретін. Олар мен білетін өте сақ адамдардың қатарынан. Сондай-ақ олар аюға қатысты хаттаманы да оқып шыққан және оны қатаң сақтаған еді", - дейді қаза тапқандардың туысы.

The New York Times басылымының хабарлауынша, ұлттық парк орналасқан Альберт провинциясында 691 гризли аюы бар, оның 65-і Банф ұлттық паркінде мекендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2039091-kanadada-ayu-sabuyl-zasagan-erli-zaiypty-qaza-boldy/

pixel