Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйіндіге айналдырамыз": Израиль премьер-министрі Газаға әскер кіретінін мәлімдеді

Опубликовано:

Газаға жасалған соққы
Газаға жасалған соққы. Фото: Ashraf Amra/Anadolu/ Getty Images

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху армия әскери операцияға дайындалып жатқандықтан Газа секторының тұрғындарын тез арада қаладан кетуге шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Биньямин Нетаньяху өзінің X (Twitter) желісіндегі аккаунтында бүгін түнде жазба жариялап, Израиль шабуылға жауап беретінін мәлімдеп, Газа тұрғындарын дереу қаладан кетуге шақырды. Оның сөзінше, армия бар күшін жұмсап әрекет етеді.

"Бұл қаладағы ХАМАС жүрген жерлерді, ХАМАС жасырынған және әрекет етіп жатқан орындарды үйіндіге айналдырамыз", - деді Израиль премьер-министрі.

Нетаньяху Израильге жасалған шабуыл бұрын-соңды болмағанын және мұның бұдан кейін қайталанбайтынын айтты.

"Болған жайтты Израильдегілер көрмеген, мен мұның қайталанбауын қамтамасыз етемін. Үкімет бұл шешімді қолдайды", - деді ол.

Нетаньяхудың айтуынша, ХАМАС бейбіт тұрғындарға қарсы жауыз соғысты бастаған, алайда Израиль жеңіске жетеді.

"Біз жеңеміз, бірақ құны қымбат болады", - деді ел премьер-министрі.

Кейінірек, Биньямин Нетаньяху тағы бір жазба жариялап, ХАМАС-қа қарсы операцияның бірінші фазасы аяқталғанын және ел аумағына кірген күштердің басым бөлігінің көзі жойылғанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан зымыран атқылаған болатын. Шабуыл үшін жауапкершілікті палестиналық ХАМАС ұйымы өз мойнына алды. Олардың әскери қолбасшысы Мұхаммед әл-Дейф "Буря Аль-Аксы" операциясының басталғанын мәлім еткен видео үндеу жариялады. Ол қарсыластарына 5 мың зымырандық соққы жасағанын мәлімдеді.

Кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жағдайға байланысты алғашқы мәлімдеме жасап, ел қазір соғыс жағдайында екенін айтты.

Сондай-ақ Израиль аумағында төтенше жағдай жарияланды.

Сонымен қатар Қазақстанның Израильдегі елшілігі елдегі ахуалға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Дипломаттар отандастарымызды қауіпсіз орындарды болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2040060-uiindige-ainaldyramyz-izrail-premer-ministri-gazaga-asker-kiretinin-malimdedi/

pixel