Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израиль Газа секторына "толық ауқымды шабуыл" жариялады

Опубликовано:

Газа секторындағы әскерилер
Газа секторындағы әскерилер. Фото: Ilia Yefimovich/picture alliance via Getty Images

Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант кеше елдің армиясы Газа секторына "толық ауқымды шабуыл" бастайтынын айтты, деп хабарлайды The Times of Israel басылымы.

"Мен барлық шектеуді алып тастадым, біз аумақты бақылауға алдық және толық ауқымды шабуылға көшеміз", - деді Галант.

Бұл туралы Израильдің Қорғаныс министрі Газа секторымен шекарада орналасқан әскерлерге сөйлеген сөзінде айтты.

"ХАМАС Газа секторында өзгерісті қалады және жағдай оның ойлағанынан 180 градусқа өзгереді. Олар осы жағдай үшін өкінеді. Газа ешқашан бұрынғыдай болмайды", - деді ол.

Басылымның жазуынша, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху дүйсенбіде АҚШ президенті Джо Байденге Газа секторында ХАМАС-қа қарсы операцияны бастаудан басқа амалы жоқ екенін айтқан.

"Біз кіруіміз керек. Біз қазір келіссөз жүргізе алмаймыз", - дейді Нетаньяху.

Израильдегі жағдай

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан зымырандық шабуыл жасалған болатын. Шабуыл үшін жауапкершілікті палестиналық ХАМАС ұйымы өз мойнына алды.

Кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдегі ахуалға байланысты мәлімдеме жасап, Израильде "соғыс жағдайы" режимін енгізу туралы шешім қабылданғанын айтты.

Сонымен қатар Қазақстанның Израильдегі елшілігі елдегі ахуалға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Дипломаттар отандастарымызды қауіпсіз орындарды болуға шақырды.

8 қазанда Израиль ХАМАС-қа жауап ретінде Газаға әуе шабуылын жасап, әскери операция бастаған болатын. Салдарынан жүздеген тұрғын қаза тауып, тағы мыңдаған адам жарақат алды.

Оған қоса бұған дейін Палестина мен Израиль арасындағы ахуалға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жабық жиналысы өткен болатын. Алайда Қауіпсіздік кеңестің мүшелері ешқандай мәлімдеме жасай алмаған.

Израиль қорғаныс министрі Газа секторын толығымен қоршауға бұйрық берді.

Кейін Израиль әскерилері Палестина автономиясында орналасқан Наблус қаласының аумағына басып кірді.

Кеше Палестинада Израиль армиясының қауіпті улы зат болып табылатын ақ фосфоры бар оқ-дәрілерді қолданатынын хабарлады. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Ал Израильдің Тель Авив қаласынан шыққан репатриациялық рейс кеше түнде Қазақстанға оралды. Алматыға 166 жолаушы келді, олардың көбі - Қазақстан Республикасының азаматтары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2040465-izrail-gaza-sektoryna-tolyq-auqymdy-sabuyl-zariyalady/

pixel