jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Әл-Ахли ауруханасына жасалған соққы: Палестина мен Иракта үш күндік аза тұту күні жарияланды

Майшам ұстап тұрған адам
Майшамдар. Көрнекі фото: pexels.com

Газа секторындағы әл-Ахли ауруханасына әуеден жасалған соққыға байланысты Палестина мен Иракта қаралы күн жарияланды.

WAFA палестиналық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Палестина президенті Махмуд Аббас Газа секторындағы әл-Ахли ауруханасына жасалған соққыға байланысты елде үш күндік аза тұту күнін жариялаған.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, жүздеген адам қаза болған жайтқа байланысты Ирак билігі де үш күндік аза тұту күнін жариялау туралы шешім қабылдаған.

Бұл туралы Ирак үкіметінің ресми өкілі Басем әл-Авади мәлімдемесінде айтылған.

"Біз халықаралық үн қатпаудың салдарынан жабайы агрессияның құрбаны болған бейкүнә жандарға құрметімізді білдіру үшін Ирак Республикасында үш күндік жалпы аза тұту күнін жариялаймыз", - деп келтірді басылым әл-Авадидің сөзін.

Айта кетелік, бұған дейін Газа секторындағы ауруханаға жасалған соққы салдарынан кемінде 500 адамнык қаза тапқанын хабарлаған едік.

Әл-Ахли ауруханасына жасалған соққы: Палестина мен Иракта үш күндік аза тұту күні жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.