Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҰҰ: Газа балалар зиратына айналды

Жарияланған күні:

Газа секторындағы ахуал
Газа секторындағы ахуал. Фото: Alexi J. Rosenfeld / Stringer / Getty Images

БҰҰ Балалар қорының ресми өкілі Джеймс Элдер Газадағы жағдайға тоқталып, анклавта 3,5 мыңға жуық баланың қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
ХАМАС Яхья Синвардың өлімін растады

"Біздің өлген балалардың саны ондаған, содан кейін жүздеген және соңында мыңдаған болады деген қорқынышымыз екі аптаның ішінде расталды", - деді Элдер ЮНИСЕФ сайтындағы мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, балаларға қауіп тек бомбалар мен минометтермен шектелмейді – Газада миллионнан астам бала су тапшылығын бастан кешуде. Ол сусызданудан болатын жаппай өлім қаупінің күшеюіне алаңдайды.

"Газа мыңдаған баланың зиратына айналды. Қалғандары үшін бұл нағыз тозақ", - деді БҰҰ Балалар қорының ресми өкілі.

Ол атысты тоқтатуға, сондай-ақ су, азық-түлік, дәрі-дәрмек және отын сияқты гуманитарлық көмекке қауіпсіз, тұрақты және кедергісіз қол жеткізу үшін барлық бақылау-өткізу пункттерін ашуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2043458-buu-gaza-balalar-ziratyna-ainaldy/