jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

ЮНИСЕФ Израильдің Газадағы босқындар лагеріне жасаған әуе шабуылын сынға алды

Газадағы қираған ғимараттардың үйінділері мен жергілікті тұрғындар
Газадағы қираған ғимараттардың үйінділері. Фото: Abed Rahim Khatib/Anadolu via Getty Images

Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Израильдің Газа секторындағы Джабалия атты босқындар лагеріне жасаған әуе шабуылын аяусыз қантөгіс деп атады. Бұл ретте арабтілді БАҚ хабарлауынша, лагерьге бірнеше рет шабуыл жасалған.

ЮНИСЕФ ресми сайтында жариялаған мәлімдемесінде Газа секторының кішкентай тұрғындары талай тағдыр сынағына төзгенін атап өтті. Ұйым тараптарды ортақ мәмілеге, бітімге келуге шақырды.

"Шабуыл салдарынан Газа секторындағы Джабалия лагерінде болған қанды оқиғаның көрінісі жантүршігерлік жайт", - делінген ұйым мәлімдемесінде.

Балалар қорының ақпаратынша, әзірге шабуыл салдарынан қанша бала қаза тапқаны туралы нақты дерек жоқ.

"Босқындар лагерлері, қоныс аударғандарға арналған қоныс мекендері мен сол жақта тұратын бейбіт тұрғындар халықаралық гуманитарлық құқықпен (ХГҚ) қорғалады. Қақтығысқа қатысушы тараптар оларды құрметтеуге және шабуылдан қорғауға міндетті", - деп жазады ЮНИСЕФ ресми сайтында.

Свежая публикация по теме:
Ердоған Израильдің әрекетін қатаң сынға алды

Бұл ретте ТАСС арабтілді БАҚ-қа сілтеме жасап, ЦАХАЛ бейсенбі күні түнде Джабалия босқындар лагері орналасқан аумаққа тағы да оқ жаудырғанын хабарлаған.

Айта кетейік, 31 қазанда Израиль әскері Газа секторындағы Джабалия босқындар лагеріне соққы жасаған болатын. Салдарынан кем дегенде 50 адам қаза тапқаны хабарланды.

ЦАХАЛ босқындар лагеріне шабуыл жасалғанын растады. Олардың айтуынша, ХАМАС қолбасшысы босқындар лагерінде жасырынып жүргендіктен лагерьге әуе шабуылы жасалған.

ЮНИСЕФ Израильдің Газадағы босқындар лагеріне жасаған әуе шабуылын сынға алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.