jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Өзбекстанда бетті тұмшалайтын киім кигендер қалай жазаланатыны белгілі болды

Пәрәнжә киген қыз
Бетін тұмшалаған қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Өзбекстанда заңнамаға түзетулер енгізілді, оған сәйкес, қоғамдық орындарда түр-әлпетін жасыратын киім кигені үшін айыппұл салынады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Мир24" телеарнасына сілтеме жасап.

Республиканың Әділет министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері енгізілген жаңалықтарды түсіндірген.

"Қоғамдық орындарда жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін дәрежеде бетті жауып жүргендерге 15-тен 30-ға дейін базалық есептік шамада (405-тен 810 долларға дейін) айыппұл салуға әкеп соғады", – делінген хабарламада.

Яғни, айыппұл сомасы 189 мыңнан 378 мың теңгеге дейін болады.

Ведомство бастаманың мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ өзбекстандық құқық қорғау органдары енгізетін "Қауіпсіз қала" жүйесінің неғұрлым тиімді жұмысы деп түсіндірді.

Айта кетейік, 2017 жылы Қазақстанда да бетті бүркейтін киім киюге тыйым салу жоспарланған болатын.

Сол кездегі ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі діни бірлестіктермен бірлесе отырып, қоғамдық орындарда жеке басты тануға кедергі келтіретін киім киюге, деструктив идеологиялық ағымдарға жататынын көрсететін сыртқы атрибуттар мен киімдерді қоғамдық орындарда пайдалануға, киюге және таратуға тыйым салуды көздейтін заң жобасын қараған.

Тыйымды бұзғандарға 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады деп болжанған (ол кезде 230 мың теңге болатын). Алайда, ақырында заң қабылданбады. Сонымен қатар, биылғы қазан айының басында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстандағы "Дін туралы" заңды қайта қарау мәселесі туралы айтқан. Ол сарапшылар қоғамдық орындарда никаб пен паранжа кию ережелерін қатаңдату ережелерін зерттеп, ұсынылатынын мәлімдеген.

Өзбекстанда бетті тұмшалайтын киім кигендер қалай жазаланатыны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.