Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израиль армиясы Газа қаласын толық қоршауға алғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Газа қаласындағы Цахал армиясының сарбазы
Газа қаласындағы Цахал армиясының сарбазы. Фото: WAHAJ BANI MOUFLEH/Getty Images

Израиль қорғаныс армиясы Цахал Газа қаласын толық қоршауға алғанын мәлімдеп, қаза тапқан сарбаздар мен кепілге алынғандардың санын жаңартты. Бұл туралы Цахал өкілі Даниэль Хагари кезекті мәлімдемесінде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта кепілге алынған 242 адамның отбасыларына хабар жеткізілген.

"Сонымен қатар, біз Цахалдың қайтыс болған 335 сарбазының отбасыларына хабарладық. Біздің жүрегіміз отбасылармен бірге және біз осы қиын күндерде оларды қолдауды жалғастырамыз. Біз, сондай-ақ, жаралылармен біргеміз және олар толық сауығып, отбасыларымен бірге болғанша қолдау білдіреміз. Шайқаста қаза болғандар Израиль мемлекетінің қауіпсіздігіне айтарлықтай үлес қосты, ең бастысы, олардың үлесі қазіргі уақытта Газа секторында және солтүстікте соғысып жатқан барлық сарбазымыз үшін рух берді. Біз жеңіске жеткенше күресуді жалғастырамыз", - деді ол.

Сосын Хигари Газа қаласын қоршауға алуға қатысты мәліметтерді бөлісті.

"Кейінгі бірнеше сағат ішінде әуе күштерінің көмегімен брондалған танкіге қарсы корпустар мен жаяу әскерлер ХАМАС-тың басқару және бақылау орталықтарына, зымыран алаңдарына және қозғалыс басшылығы мен оның террористері қолданатын басқа да террористік инфрақұрылымға шабуыл жасады", - делінген мәлімдемеде.

"Біздің күштердің лаңкестерді жақын шайқаста, соғыс қимылдары қажет кез келген жерде, тіпті қиын болса да, Цахал мен оның сарбаздарының артықшылығы бар. Біз әуеден де, теңізден де үздіксіз шабуылды үдетеміз. Бұл біз қатысатын әрбір шайқаста қайталанады және біз осылай күресуді жалғастырамыз. Командирлер біздің сарбаздарымызды майданнан шығарады, өз сарбаздарымен бірге батылдықпен әрі күшпен басқарады. Бұл жауынгерлік рух және Цахал осылай күреседі", - дейді ол.

Сонымен қатар Цахал өкілі Иранның әрекетін айыптады. Оның сөзінше, ХАМАС лидерлерінің бірі Исмайыл Ханидің Иранға сапарына назар аудару керек.

"Иран бізге қарай хуситтерді, "Хезболланы" және басқаларды шабуылдатып, ХАМАС пен Газа секторынан назарымызды бұрғысы келеді. Біз ХАМАС-қа ғана оқталып отырмыз. ХАМАС-ты жоюға ден қойдық, кепілге алынғандарды үйіне қайтаруды мақсат тұтамыз. Ал Ханиге келсек, ол жеке ұшағымен саяхаттап, Гаха секторын құрбандыққа шалып отыр. Олардың мақсаты өз пайдасы үшін Газа секторын құрбандыққа беру", - дейді ол.

Айта кетейік, 7 қазандағы ХАМАС шабуылынан кейін Израиль тарапы ХАМАС-ты жою әрекеттерін жүргізуге кіріскен. ХАМАС қозғалысы да Израиль қалаларына зымыранмен шабуыл үдетті. ХАМАС бақылауындағы Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Газада тоғыз мыңнан астам адам қаза болған, олардың үштен екісі әйелдер мен балалар. Алайда бұл деректерге тәуелсіз растау жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2043916-izrail-armiyasy-gaza-qalasyn-tolyq-qorsauga-alganyn-malimdedi/

pixel