jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Непалда жойқын жер сілкінісі болып, 120-дан аса адам қаза тапты (фото, видео)

Непалда болған жер сілкінісінен қираған ғимарат
Непалда болған жер сілкінісінен қираған ғимарат. Фото: twitter.com/RaginiSingh7007

Непалдың батысында сенбіге қараған түні жойқын жер сілкінісі болып, салдарынан кем дегенде 120-дан аса адам қаза тапты.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметіне сүйенген The New York Times-тың жазуынша, жер сілкінісінің магнитудасы – 6,4 балл.

Жер асты дүмпулері Непалдан жүздеген километр қашықта жатқан Үндістан астанасы Нью-Делиде де сезілген.

Непал билік өкілдерінің хабарлауынша, табиғи апаттан кем дегенде 128 адам қаза болған. Олар қайтыс болғандар саны өсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Непал премьер-министрі Пушпа Камал Дахал іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу үшін, сондай-ақ көмек көрсету үшін армия мен ұлттық полицияны мобилизациялауға бұйырық берген.

Қазіргі таңда құтқарушылар үйіндіден жолы жабылып, байланыс үзілген таулы аймақтағы ауылдарға жетуге тырысуда.

Непалда жойқын жер сілкінісі болып, 120-дан аса адам қаза тапты (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.