Израиль Газа қаласы солтүстік және оңтүстікке бөлінгенін мәлімдеді
Жарияланған күні:
Израиль қорғаныс армиясының өкілі Израиль әскери күштері Газа қаласын қоршап алып, аймақты Солтүстік және Оңтүстік бөліктерге бөліп, жағалауға қарай жылжығанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.
Цахал өкілі Даниэль Хагаридің айтуынша, Израиль шамамен 700 мың халқы бар Газаға соққы жасауды жалғастырып жатыр, осылайша Израиль Газа секторының солтүстігінде құрлықтағы операциясын жүргізеді.
Бұл жағдайда тұрғындарға елдің оңтүстігіне эвакуациялауға рұқсат етіледі, дейді Хагари бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға арналған біржақты дәліз ашық күйінде қалып отырғанын айтып.
"Құрлықтағы операциялар басталғалы біз 2500-ден астам нысанаға қол жеткіздік. Сондай-ақ осы сәтте біз жер астында да, жер үстінде де террористік инфрақұрылымға ауқымды шабуыл жасап жатырмыз", - дейді Израиль армиясының өкілі.
Сонымен қатар Цахал бейбіт израильдікті өлтірген танкке шабуылына қарсы атысқа жауап ретінде ливандық "Хезболлаға" шабуыл жасап жатыр. Израильдің әуе қорғаныс жүйесі "Хезболла" ұшырған дронды атып түсіргені айтылады.
Цахал мәліметтері бойынша, Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстың эскалациясы кезінде 347 израильдік сарбаз қаза тапқан. Газа секторы заң тұрғысында ішінара танылған Палестина мемлекетінің бір-бірінен оқшауланған екі аумағының бірі екені және іс жүзінде Палестинаны ХАМАС исламшыл қозғалысы бақылайтыны мәлімделген.
Ал бұған дейін Израиль қорғаныс армиясы Цахал Газа қаласын толық қоршауға алғанын мәлімдеген еді.
Айта кетейік, 7 қазандағы ХАМАС шабуылынан кейін Израиль тарапы ХАМАС-ты жою әрекеттерін жүргізуге кіріскен. ХАМАС қозғалысы да Израиль қалаларына зымыранмен шабуылды үдетті. ХАМАС бақылауындағы Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Газада тоғыз мыңнан астам адам қаза болған, олардың үштен екісі әйелдер мен балалар. Алайда бұл деректерге тәуелсіз растау жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2044239-izrail-gaza-qalasy-soltustik-zane-ontustikke-bolingenin-malimdedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.