jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Әйгілі суретші Пикассоның туындысы аукционда 139 млн долларға сатылды

Пикассоның "Сағат таққан әйел" туындысы
Пикассоның "Сағат таққан әйел" туындысы. Фото: Angela Weiss/Getty Images

Әйгілі суретші Пабло Пикассоның "Сағат таққан әйел" суреті Sotheby's аукционында 139 миллион долларға сатылды. Бұл аукционда сатылған испандық суретшінің екінші ең қымбат туындысы болып саналады.

BBC орыс басылымының хабарлауынша, Femme a la Montre ("Сағат таққан әйел") картинасы биыл аукционда сатылған ең қымбат жұмыс болған.

"Сағат таққан әйел" туындысынан құны жағынан тек 2015 жылы Christie's аукцион үйінде сатылған "Алжир әйелдері" сериясындағы картиналардың бірі асып түскен. Оның бағасы 179,3 миллион долларды құрады.

Аукцион басталғанға дейін "Сағат таққан әйел" туындысының бастапқы құны 120 миллион долларға бағаланған еді. Сатып алушының аты-жөні жарияланған жоқ.

Аталған сурет АҚШ-та атақты америкалық өнерсүйгіш Эмили Фишер Ландаудың коллекциясында 50 жылдан астам сақталған.

Ландау биыл наурыз айында 103 жасында қайтыс болды. Оның барлық өнер жинағы бірнеше жүздеген миллион долларға бағаланады.

Әйгілі суретші Пикассоның туындысы аукционда 139 млн долларға сатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.