Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Изарильдік БАҚ ХАМАС ұрлап кеткен әйелдің тұтқында босанғанын хабарлады

Опубликовано:

ХАМАС тұтқынға алған адамдардың Израильдегі фото стенді
ХАМАС тұтқынға алған адамдардың фото стенді: Mostafa Alkharouf/Anadolu via Getty Images

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың жұбайы Сара Нетаньяху ХАМАС тұтқынға алған әйел Газа секторында бала босанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды The Times of Israel басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым хабары бойынша, Сара Нетаньяху АҚШ-тың бірінші ханымы Джил Байденге хат жолдап, ХАМАС пен басқа да террористік топтар Газа секторында кепілге алған израильдік балалар мен сәбилердің ауыр жағдайы туралы баяндаған.

Хатты премьер-министр кеңсесі X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жариялады.

Сондай-ақ Израиль премьер-министрі жұбайының айтуынша, ұрланған әйелдердің бірі босанып, дүниеге нәресте әкелген.

"Ұрланған әйелдердің бірі жүкті болған. Ол ХАМАС-та тұтқында болып, сәбиді дүниеге әкелген. Бұл жас ананың басынан қандай қиындық өтіп жатқанын, жаңа туылған нәрестемен бірге тұтқында қазір қаншалықты қиналып жатқанын елестету сізге де, маған да қиын", - деп жазды ол барлық кепілге алынғандарды босатуға шақыра отырып.

Басылым мәліметіне сүйенсек, бұған дейін жаңа босанған әйел 7 қазанда тұтқынға түскенге дейін Израильдің анклавпен шектесетін қалалардың бірінде жұмыс істегені және шетел азаматы екені хабарланған.

Бұл ретте ХАМАС бақылауындағы Газа секторының денсаулық сақтау министрлігі соғыс басталғалы 11 240 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2046000-izarildik-baq-xamas-urlap-ketken-aieldin-tutqynda-bosanganyn-xabarlady/

pixel