Газа секторында қаза тапқандар саны 13 мыңнан асты
Жарияланған күні:
Читать на русскомИзраиль мен ХАМАС арасындағы соғыс басталғалы Газа секторында қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 13,3 мыңнан асты. Қаза тапқандардың 5,6 мыңы балалар екені белгілі болды.
"Газа үкіметі баспасөз қызметінің өкілі Исмаил Тавабтаның айтуынша, анклавтағы бомбалау салдарынан 13,3 мыңнан астам адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Al Jazeera.
Сонымен қатар Тавабта 5600 бала көз жұмғанын айтты.
Басылым мәліметінше, Газадағы Денсаулық сақтау министрлігі жүйедегі олқылықтарға байланысты қаза тапқандар саны туралы ресми деректерді жүйелі түрде жаңарта алмайды.
РИА Новости анклав үкіметінің ақпарат орталығына сілтеме жасап жараланғандар саны 31 мыңнан асқанын жазды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2046766-gaza-sektorynda-qaza-tapqandar-sany-13-mynnan-asty/