Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илон Маск пен Израиль Газа секторында Starlink қолдануға келісті

Опубликовано:

Илон Маск Израиль премьер-министрімен кездесіп тұр
Илон Маск Израиль премьер-министрімен кездесіп тұр. Фото: Amos Ben-Gershom (GPO) Handout via Getty Images

Израильдің Байланыс министрлігінің басшысы Шломо Кархи бизнесмен Илон Маскпен Газа секторында Starlink қолдануға қатысты келісімге келгенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министр келісім туралы Х әлеуметтік желісінде жазды.

"Илон Маск, сізді менің жетекшілігімдегі Байланыс министрлігімен түбегейлі түсіністікке қол жеткізгеніңізбен құттықтаймын. Осы маңызды келісімнің нәтижесінде Starlink спутник аппараттары Израильде тек Израильдің байланыс министрлігінің рұқсатымен жұмыс істей алады, оның ішінде Газа секторы да бар", - деп жазды Кархи микроблогында.

Starlink ресми сайтында бұл SpaceX компаниясы сенімсіз, қымбат немесе мүлдем қолжетімді емес жерлерде жоғары жылдамдықты кең жолақты спутниктік интернетпен қамтамасыз ету үшін әзірлеген ғаламдық спутниктік жүйе екені жазылған.

Еске салайық, қарашаның ортасында Илон Маск антисемитизммен айналысты деп айыпталған. Мұның бәрі Маск иелігіндегі әлеуметтік желі қолданушысының жазбасынан кейін басталған. Олар "еврейлер ақтарға деген жеккөрушілікті қоздырды" деп мәлімдеген. Илон Маск қолданушыға айтқан сөзі рас екенін атап өтіп, оны қолдаған.

Миллиардер осы сөздері үшін айыпталған, алайда Масктің өзі твиттері мұндай сипатта жазылмаған дейді. Даудан кейін ірі жарнама берушілер Х платформасында жарнамасын жариялаудан бас тартқан, ал Масктің мәлімдемелерін Ақ үй сөккен.

Бүгін Илон Маск пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС 7 қазанда бірінші болып шабуыл жасаған Кфар-Аза қаласына барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2047871-ilon-mask-pen-izrail-gaza-sektorynda-starlink-qoldanuga-kelisti/

pixel