jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Қырымнан әкетілген "сақ алтындары" 10 жылдан кейін Украинаға қайтарылды

Музей жәдігері
Музей жәдігері. Фото: Украинаның Ұлттық тарих музейінің Instagram-парақшасы

Қайтарылған "сақ алтындарына" жалпы 565 зат кіреді: антикалық мүсіндер, сақтар мен сарандық әшекейлер, сондай-ақ, лакталған сандықшалар. Бұл туралы Украинаның Ұлттық тарих музейінің өкілдері хабарлаған.

Экспонаттар оккупацияланған Қырым қайтарылғанша Украинада болады екен.

"Сақ алтындары" 2013 жылы Қырымнан Германияның Бонн мемлекеттік музейіне көрмеге жіберілген еді. 2014 жылы көрме Нидерланды музейіне тапсырылған.

Ал Қырым аннексиясынан кейін Ресей бақылауына өткен қырымдық музейлер тарихи жәдігерді қайтарғысы келген, бірақ Украинаның Мәдениет министрлігі бұл құнды заттар Украина иелігінде қалу керегін айтқан. Бұл коллекцияларға талас-тартыс бірнеше жылға созылып, Нидерландының Жоғарғы соты "сақ алтындарын" Украинаға қайтаруды ұйғарған.

"Бұл шешім дауды тоқтатты. Аллард Пирсон музейі бұл өнер қазыналарын Қырым музейлеріне емес, Украина мемлекетіне қайтаруы керек", - делінген Жоғарғы Соттың маусым айында қабылдаған қаулысында.

Дүйсенбіде Киевтегі Украинаның Ұлттық тарих музейінің өкілдері жариялаған мәлімдемесінде: "10 жылға жуық сот отырысынан кейін Амстердамдағы "Қырым: алтын және Қара теңіз құпиялары" көрмесінде ұсынылған Қырым музейінің төрт артефактісі Украинаға оралды" делінген.

Қырымнан әкетілген "сақ алтындары" 10 жылдан кейін Украинаға қайтарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.