jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Финляндия 30 қарашадан бастап Ресеймен шекараны толығымен жабу туралы шешім қабылдады

Шекара бекеті
Шекара бекеті. Көрнекі фото: piqsels.com

Финляндия премьер-министрі Петтери Орпо бүгін Ресеймен шекара екі аптаға - 30 қарашадан 13 желтоқсанға дейін толық жабылатыны туралы хабарлады.

Yle хабарлауынша, Финляндия премьер-министрі қауіпсіздік жағдайына байланысты шекараның уақытша жабылатынын айтқан.

"Финляндияның премьер-министрі Петтери Орпо шығыс шекараның толық жабылғанын мәлімдеді. Финляндия мен Ресей арасындағы шекара 30 қараша мен 13 желтоқсан аралығында толығымен жабылады", - деп хабарлайды басылым.

Ішкі істер министрі Мари Рантанен Мемлекеттік кеңес шығыс шекарадағы барлық бақылау-өткізу пунктін уақытша жабуға шешім қабылдағанын және пана сұраушылардың өтініштері әуежайлар мен су арқылы шекаралық өткізу пункттерінде қабылданатынын айтты.

Сондай-ақ Финляндия Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында Ресеймен құрлықтағы шекарадағы барлық өткізу бекеті 13 желтоқсанға дейін жабылатыны айтылған.

"Үкімет сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні, яғни 2023 жылдың 30 қарашасынан бастап Райа-Йоосеппи шекаралық өткелін жабу туралы шешім қабылдады", - делінген жазбада.

Басылым тамыз айының басынан бері шығыс шекарадағы өткізу пункттері арқылы Финляндияға 1000-ға жуық адам визасыз келгенін хабарлады. Олардың көпшілігі баспана сұраған.

Финляндия 30 қарашадан бастап Ресеймен шекараны толығымен жабу туралы шешім қабылдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.