Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Үндістандық құтқарушылар 17 күн бойы опырылған туннельде болған 41 жұмысшыны құтқарып алды

Опубликовано:

Үндістанда опырылған туннель
Үндістанда опырылған туннель. Фото: Photo by SAJJAD HUSSAIN/AFP via Getty Images

Үндістанның солтүстігінде құтқарушылар Гималайда опырылған туннельде қалып қойған жұмысшыларды құтқару операциясын аяқтады. Жұмысшылар жер астында 17 күн болды, деп хабарлайды ВВС-дің Орыс қызметі.

Басылым мәліметінше, Уттаракханд штатының үкіметі 28 қарашада сағат 15:30 шамасында барлық 41 адамның құтқарылғанын хабарлаған.

Туннельдің опырылуы осыдан 17 күн бұрын, 12 қарашада 4,5 километр тереңдікте болған еді.

Жұмысшылар апат болған кезде туннельден шыға алмай қалса да, олардың ешқайсысы зардап шекпеген. Олар 17 күн бойы ұзындығы шамамен екі шақырым және биіктігі 8,5 метр болатын кеңістікте өмір сүрген.

Құтқару операциясына жүзден астам адам жұмылдырылған.

Дүйсенбіде құтқару операциясына Үндістанда "егеуқұйрық-шахтерлар" деп аталатын арнайы бөлімше қосылған. Бұл жасақтың тәсілі, негізінен көмір шахталарында пайдаланылады және өте тар кеңістіктегі жұмысқа арналған.

Жерасты жұмыстары бойынша австралиялық сарапшы Арнольд Дикс ВВС-ге берген сұхбатында "дәл осы құтқару жұмысы – осыған дейін болған ең күрделі операция" екенін айтқан.

"Бұл – ең қиын операция болды. Опырылу кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, сол жерде болған әрбір адамның аман-есен шығуын қамтамасыз ету біздің міндеттіміз болды", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2048126-undistanda-17-kun-tunnelde-otkizgen-41-zumyssy-qutqaryldy/

pixel