Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байден президенттік сайлауға Трамп үшін түсетінін мәлімдеді

Опубликовано:

АҚШ президенті Джо Байден
АҚШ президенті Джо Байден. Фото: Yuri Gripas/Abaca/Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден Дональд Трамп сайлауға қатысқысы келмесе, екінші мерзімге президенттік додаға кандидат болғысы келмегенін мойындады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасап.

"Трамп додаға түспесе, мен сайлауға түсеріме сенімді болмас едім", - деді Байден.

Ол демократтар экс-президентке жеңіске жетуге мүмкіндік бергісі келмейтінін мәлімдеді.

АҚШ-тың қазіргі президенті алдағы сайлауды демократияны қорғау деп атаған.

Ал таяуда Трамп өз сайлауалды науқанын Байденге қарсы "крест жорығы" деп атаған болатын. Ол билікке келсе, "Американы қайтадан еркін ететінін" мәлімдеген.

CNN ақпараты бойынша, Республикалық партиядан президенттік сайлауға мына кандидаттар ұсынылған:

  • Дональд Трамп;
  • Флорида губернаторы Рон ДеСантис;
  • Оңтүстік Каролинаның бұрынғы губернаторы Никки Хейли;
  • Кәсіпкер және жазушы Вивек Рамасвами;
  • Нью-Джерсидің бұрынғы губернаторы Крис Кристи;
  • Арканзас штатының бұрынғы губернаторы Аса Хатчинсон.

АҚШ-тағы президенттік сайлау 2024 жылдың 5 қарашасында өтеді және штаттар тарихында 60-сы болады. Егер қазіргі 46-шы президент Джо Байден сайлауда жеңіліп қалса, осы сайлауда АҚШ-тың 47-ші президенті сайланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2049334-baiden-prezidenttik-sailauga-tramp-usin-tusetinin-malimdedi/

pixel