Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Венесуэлалықтардың қаншама ұрпағының арманы": Мадуро көрші елдің аймағын Венесуэланың бір бөлігі деп жариялады

Опубликовано:

Николас Мадуро
Николас Мадуро. Фото: Pedro Rances Mattey/AFP via Getty Images

Венесуэла президенті Николас Мадуро Гайанамен арадағы дауға себеп болған жерде жаңа штат құруға шақырды. Джорджтаун жауап ретінде аумақтық тұтастыққа қатер төнгенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Венесуэла президенті Николас Мадуро көрші Гайанамен дауға себеп болған жерде Венесуэланың 24-ші штат құруға шақырды. Ол Ұлттық ассамблеяға (бір палаталы парламент) Гайана-Эссекибоны қорғау үшін тиісті заңнаманы әзірлеуді тапсырды.

"Гайана-Эссекибоны қорғауға арналған заңның негізгі мақсатының бірі венесуэлалықтардың қаншама ұрпағының арманы болған шешімді жүзеге асыру және Венесуэланың 24-ші штаты Гайана-Эссекибо штатын құру", - деді Мадуро.

Ол сондай-ақ Эссекибоның бүкіл халқына әлеуметтік көмек көрсету жоспары, халық санағы, жеке куәлік беру сынды шаралардың басталғаны туралы хабарлады.

Сонымен қатар Венесуэла президенті теңізде жұмыс істейтін мұнай компанияларын үш ай ішінде жұмысын тоқтатуға шақырып, келіссөздерге ашық екенін атап өтті.

ВВС-дің орыс қызметінің мәліметінше, өткен жексенбіде Венесуэлада референдум өткен. Азаматтардың басым бөлігі мұнайлы өлке Гайананың-Эссекибоның Венесуэлаға қосылуын қолдап дауыс берген. Гайана-Эссекибо ресми түрде Венесуэламен көршілес жатқан Гайанаға тиесілі.

Ал Гайана президенті Ирфаан Ализаның айтуынша, Мадуроның әрекеті Гайананың аумақтық тұтастығына қауіп төндіреді.

"Гайана мұны өзінің аумақтық тұтастығына қауіп ретінде қарастырады және аумағын қорғау үшін сақтық шараларын күшейтуде", - деді Әли мәлімдемесінде.

Айта кетейік, кей шетелдік БАҚ, соның ішінде The Guardian және Anadolu басылымдары Венесуэла президентінің әрекетін аннексия деп атаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2049422-maduro-korsi-eldin-aimagyn-venesuelanyn-bir-boligi-dep-zariyalady/

pixel