jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Еуроодақтың ең бақытты және ең бақытсыз елдері аталды

Еуропа картасы
Еуропа картасы. Фото: pixabay.com

Еуропаның қай елдерінде ең бақытты және ең бақытсыз адамдар өмір сүретіні белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еуростаттың ресми сайтындағы зерттеу нәтижелеріне сілтеме жасап.

ЕО-ның 27 елінің тізімінде Статистика агенттігі Австрияны ең бақытты ел ретінде бағалайды. Ел "өмір сапасының көрсеткіштері" талаптарына сәйкес, 10-нан 7,9 балл жинаған. Австриядан кейін үш ел - Польша, Финляндия және Румыния рейтингте 7,7 балл жинап, екінші орын алды.

Рейтингтегі ең бақытсыздар Болгария тұрғындары екен, олар "өмір сапасының көрсеткіштерін" 10 ұпайдан 6 деп қана бағалаған.

Зерттеуге сәйкес, Германия тұрғындарының жағдайы сәл жақсы. Олардың өмірге қанағаттану деңгейі - 6,5 балл.

Бір қызығы, зерттеу мәліметтері бойынша, ЕО-дағы жастар егде жастағы адамдарға қарағанда өз өміріне қанағаттанады.

"2022 жылы ЕО-ға мүше мемлекеттердің көпшілігінде (16-29 жас аралығындағы адамдар) 65 жастан асқан адамдармен салыстырғанда өмірге қанағаттану деңгейі жоғары болды. Осыған байланысты қарама - қарсыжағдай Дания, Швеция, Ирландия, Нидерланды, Люксембург және Финляндияда байқалды", - делінген Еуростат сайтында.

Жалпы алғанда, "ЕО азаматтары 10-нан орташа есеппен 7,1 ұпай жинап, өз өміріне толығымен қанағаттанады".

Еуроодақтың ең бақытты және ең бақытсыз елдері аталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.