jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Илхам Әлиев Әзербайжанның кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде ұсынылады

Ильхам Әлиев
Ильхам Әлиев. Фото: trend.az

Әзербайжанның қазіргі басшысы Илхам Әлиев кезектен тыс президенттік сайлауда "Ени Әзербайжан" билік партиясының атынан үміткер болып ұсынылады, деп хабарлайды "Sputnik Әзербайжан".

Агенттік хабарына қарағанда, бұл туралы партия төрағасының орынбасары Таир Будагов хабарлаған.

"2024 жылғы 7 ақпандағы кезектен тыс президенттік сайлауда "Ени Әзербайжан" билік партиясының кандидаты Илхам Әлиев болады. Партия басқармасы кезектен тыс президенттік сайлауға байланысты іс-шаралар жоспарын пысықтамақ. Отырыс уақыты алдағы күндері жарияланады", - деді ол.

Әзербайжандағы кезектен тыс президенттік сайлау келесі жылдың 7 ақпанында өтеді деп хабарланды.

Еске салайық, өткен аптада Илхам Әлиев келесі президенттік сайлаудың күнін белгіледі – олар қажет болғаннан бір жыл бұрын өтеді.

Әзербайжан президентінің ресми сайтында Әзербайжан республикасының президенті еркін түрде, жеке және жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде 7 жылдық мерзімге сайланатыны жазылған.

Бұл елде мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауын жариялауға құқылы. Сонымен қатар, агенттіктің мәліметінше, Әзербайжанда президенттік сайлау кейінгі рет 2018 жылдың сәуірінде өткізілген. Екі жыл бұрын елде Конституцияны өзгерту туралы референдум өтті, оған барлығы 29 түзету енгізілген, оның ішінде президенттің өкілеттік мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұзарту, яғни келесі сайлау тек 2025 жылы өтуі керек еді.

Илхам Әлиев Әзербайжанның кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде ұсынылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.