Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Газа секторындағы қираған ғимараттардың саны спутник суреттері арқылы есептелді

Опубликовано:

Газа секторы
Газа секторы. Фото: Mahmud Hams/AFP via Getty Images

Газа секторындағы Израиль әскерімен соғыс салдарынан қираған өңірлердің спутниктен түсірілген суреттері мамандардың қолына түскен. Бұл суреттер БҰҰ-ның UNOSAT спутниктік орталығы келтірген есебінде қолданылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

UNOSAT спутник орталығының мамандары спутниктен түсірілген суреттер арқылы Газа секторындағы (басып алынған Палестина территориясы) қирандылар саны мен қаншалықты залал келтірілгенін есептеген.

Есептегі мәліметке сүйенсек, Газа секторындағы залал мөлшерін кешенді есептеу биыл қарашаның соңында жүргізілген. Қарашада түсірілген суреттер 2023 жылғы мамыр, қазан және қарашаның басында түсірілген суреттермен салыстырылған.

"UNOSAT спутниктік суреттердің талдауына сәйкес, 10 049 құрылыс қирағаны, 8 243 құрылыс нысаны қатты зақымданғаны, 19 087 құрылыс нысанына орташа залал келтірілгені анықталды. Барлығы – 37 379 құрылыс нысанына зақым келген. Бұл Газа секторындағы құрылыстардың жалпы санынан шамамен 18 пайызы", – делінген есепте.

Спутниктен түсірілген Газа секторындағы қирандылар
Газа секторындағы қираған елді мекендер. Фото: unosat.org

Әсіресе Солтүстік Газа мен Газа провинцияларына көбірек залал келген. Солтүстік Газада – 3806 жаңа құрылған ғимарат, ал Газаның өзінде – 6243 ғимарат зақымдалған. Жалпы Газада қираған жаңа ғимараттар саны 2397-ге жетеді.

Алайда орталық өкілдерінің дерегіне сенсек, бұл тек алдын ала болжанған талдау, әзірге бұл ақпараттар оқиға орындарында расталмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2050650-gaza-sektoryndagy-qiragan-gimarattardyn-sany-sputnik-suretteri-arqyly-esepteldi/

pixel