jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Прагадағы атыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма

Чех полициясы Карлов университетінен студенттерді эвакуациялаған сәт
Чех полициясы Карлов университетінен студенттерді эвакуациялаған сәт. Фото: Gabriel Kuchta/Getty Images

Кеше, 21 желтоқсанда Чехия астанасы Прагада ер адам атыс шығарып, салдарынан 15 адам қаза тапты, ондаған адам зардап шекті. Еліміздің сыртқы істер министрлігінің өкілдері құрбандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар бар-жоғын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың хабарына қарағанда, атыс құрбандарының арасында қазақстандықтар жоқ.

"Чехия билігінің алдын ала ақпараты бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - деді ол.

Еске салайық, кеше Прага қаласының орталығында Карлов университетінің аумағында атыс болды. Жақын маңдағы аумақ қоршауға алынды, полиция тұрғындарды оқиға орнынан аулақ болуға және үйінен шықпауға үндеді.

Кейінірек полиция атқыштың көзі жойылғанын хабарлады. Ал елдің баспасөзі ер адам биіктен секіріп қаза болғанын хабарлады.

Чехия полициясы жариялаған мәліметтер бойынша, 15 адам атыс құрбаны болған. Тағы бірнеше адам зардап шеккен. Атқыштың бұл әрекетке қандай себеппен барғаны әзірше белгісіз, бірақ чех билігі атысты халықаралық терроризммен байланыстырмады.

Елдің премьер-министрі Петр Фиала бұл оқиғаны халықаралық терроризм немесе ұйымдасқан топ әрекеті емес деген мәлімдеме жасады. Ол сондай-ақ қауіпсіздік күштері жағдайды бақылауда ұстайтынын және ел азаматтарына қауіп жоғын айтты.

Айта кетейік, 22 желтоқсан Чехияда қаралы күн болып жарияланды.

Прагадағы атыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.