Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белградта наразылық күшейіп, ел президенті шұғыл үндеу жасады (фото, видео)

Опубликовано:

Белградта наразылар әкімшілік ғимаратына келіп тұр
Белградта наразылар әкімшілік ғимаратына келіп тұр. Фото: ANDREJ ISAKOVIC/AFP via Getty Images

Сербия астананасында осымен алтыншы күн жаппай тәртіпсіздік жалғасып жатыр - жиналғандар қазіргі президенттің партиясы жеңіске жеткен парламенттік сайлау нәтижесін жоюды талап етуде.

РИА Новости таратқан хабарға сенсек, бүгін түнде Белградта өткен аптада өткен сайлаудың нәтижесімен келіспейтін оппозиция жақтаушылары қала әкімшілігінің ғимаратын қоршап алып, есіктерді сындырып, терезелерді шаққан. Сосын ішке кіргісі келген, бірақ оларды жандармерия тоқтата алған. Полицейлер наразыларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болғаны айтылады.

Белградта наразылар әкімшілік ғимаратына келіп тұр
Белградта наразылар әкімшілік ғимаратына келіп тұр. Фото: OLIVER BUNIC/AFP via Getty Images

Ел президенті Александр Вучич тәртіпсіздіктер аясында ұлтқа шұғыл үндеу жасады. Ол Сербия азаматтарын алаңдамауға шақырды.

Мемлекет басшысының айтуынша, митингілерге 2490 адам қатысып, өңірде кейбіреулер "сәтті революция" болғанын айта бастаған.

"Бұл тек ел ішіндегі ой-пиғылдардың немесе оның жоқтығының өнімі емес екенін дәлелдейді. Бұл республиканың тәуелсіздігі мен егемендігін бұзуға тырысқан әлдеқайда күрделі геосаяси жағдайлардың жемісі. Сербия бостандығын сақтаймыз, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтаймыз", - деп келтіреді басылым Вучичтің сөзін.

Ол наразылыққа кездейсоқ қосылып кеткендерге зиян келтірмеу үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатқанын айтты.

Наразылық білдірушілер ту ұстап, әкімшілік ғимаратына келген сәт
Наразылық білдірушілер ту ұстап, әкімшілік ғимаратына келген сәт. Фото: OLIVER BUNIC/AFP via Getty Images

РБК хабарына қарағанда, премьер-министр Анна Брнабич тәртіпсіздік кезінде 35 адам қамауға алынғанын, 30-дан астам полиция қызметкері зардап шеккенін, олардың біреуі ауыр жарақат алғанын хабарлаған. Вучич бұл оқиғаны "Сербия институттарын басып алу әрекеті" деп атап, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын шақырған.

"Мемлекет біздің еліміздің заңдары мен Конституциясына сәйкес әрекет етеді. Біздің үйімізді, еліміздің және азаматтарымыздың меншігін бүлдіруге ешкімнің құқығы жоқ, бұдан әрі полицейлердің өміріне қауіп төндіруге қақы жоқ", - деді ол.

Алайда Вучич бұл оқиғаларды революция деп санамайтынын айтып, азаматтарды "мемлекет қауіпсіздігіне қауіп жоқ" екеніне сендірген. Оның айтуынша, шетелдік барлау агенттіктері алдағы акция туралы Сербия органдарына хабарлаған.

ТАСС наразылық білдірушілер тутұғырлардың көмегімен есікті бұзып, қалалық әкімшілік ғимаратының терезесін шағып, тас пен сыра банкаларын лақтыра бастағанын жазады. Сонымен қатар олар қауіпсіздік камераларын жойған.

Сондай-ақ тәртіпсіздікке қатысушылар өрт сөндіргіш құралдарды қолданып, сынған терезелерді қалқандармен жауып тұрған полицейлерден ғимараттан кетуді талап еткен. Сербия мен Еуропа Одағының туларын ұстап келгенлер үкіметке қарсы ұрандар, республика президенті Александр Вучичке дауыс зорайтқыштар, ысқырықтар мен дудкаларды пайдаланып, қорлау сөздерін айтқан.

Еске салайық, елдің парламент сайлауында билеуші Серб прогрессивті партиясы мен тағы бірнеше саяси күшті біріктірген "Александр Вучич - Сербия тоқтамауы керек" коалициясы 47,36 пайыз дауыс жинаған еді.

Оппозиция мүшелерінің біріккен "Зорлық-зомбылыққа қарсы Сербия" коалициясы 22,7 пайыз дауыс жинаған.

19 желтоқсандағы сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін оппозиция өкілдері мен олардың жақтастары парламент сайлауы нәтижесін жоюды талап етіп, Белградта наразылық акциясын бастаған.

Оппозициялық блоктың жетекшілері дауыстар саны бұрмалағанын мәлімдеп, аштық жариялады. Халықаралық бақылаушылар Сербиядағы сайлау науқаны әділетсіз жағдайда болғанын растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2052374-belgradta-narazylyq-kuseiip-el-prezidenti-sugyl-undeu-zasady-foto-video/

pixel