jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Жапониядағы зілзаладан кейін Ресей өңірлерінде цунами қаупі жарияланды

Теңіздегі су толқыны. Көрнекі сурет
Теңіздегі су толқыны. Көрнекі сурет. Фото: UGC

Сахалин ТЖМ өкілдері Жапониядағы жер сілкінісі салдарынан цунами қаупін жариялады. Ескерту жүйесі іске қосылған. Кейбір ауданда эвакуация жүріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сахалин ТЖМ-ге сілтеме жасай отырып таратқан басылым хабарына қарағанда, аймақта цунами қаупі жарияланған.

"Цунами толқындарының әсері Сахалиннің батыс жағалауына жетуі мүмкін", - делінген басылымда.

Кейбір ауданда ескерту жүйесі енгізілгені, халықты қауіпсіз жерлерге эвакуациялау жүріп жатқаны, ал мамандар цунами толқындарының ықтимал салдарын есептеуді жүргізіп жатқаны атап өтілді.

"Цунами әсерін жоюға арналған күштер мен құралдар дайын. Татар бұғазының жағалауындағы барлық адам кемінде 30-40 метр биіктікте паналауға шақырылады. Баспанадан цунами дабылы жойылғаннан кейін ғана кетуге болады", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар жергілікті тұрғындардан тыныштықты сақтауды және дауыс зорайтқыш хабарламаларды бақылауды сұрайды.

Сондай-ақ, басылым өзінің Telegram-арнасында цунами қаупі Владивосток пен Находкада да жарияланғанын хабарлады. Сахалиндегі цунами қаупі Жапонияда болған бірқатар күшті жер сілкінісінен туындағаны атап өтілді.

Бұған дейін Жапонияда магнитудасы 5,7 және 7,4 болатын екі жер сілкінісі болғанын жазған едік. Елде цунами қаупі жарияланды. Осака, Киото және Токиода қатты соққылар сезілген.

Сондай-ақ, Түркияда үш жер сілкінісі болғанын хабарладық. Адамдар жаңа жылды көшеде қарсы алған.

Жапониядағы зілзаладан кейін Ресей өңірлерінде цунами қаупі жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.