jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Жапониядағы жойқын зілзала: қаза тапқандар саны 161-ге жетті

Жапонияда құтқарушылар жұмыс істеп жатқан сәт
Жапонияда құтқарушылар жұмыс істеп жатқан сәт. Фото: The Asahi Shimbun via Getty Images

1 қаңтарда Жапонияның Исикава префектурасында болған бірқатар жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 161-ге жетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейлік басылым жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып таратқан ақпарат бойынша, Жапонияның Исикава префектурасындағы Ното түбегіндегі бірқатар жер сілкінісінен кейін 161 адам қаза тапты, тағы 103 адам хабарсыз кеткен.

Сондай-ақ жолдар мен көпірлердің бұзылуына байланысты 2300-ден астам адам коммуникациядан қол үзіп қалған.

Еске салайық, 1 қаңтарда Жапонияда бірқатар жойқын зілзаладан кейін цунами қаупі жарияланды. Бірден магнитудасы 5,7 және 7,4 болатын екі жер сілкінісі тіркелді. Осака, Киото және Токиода қатты сезілді.

Жер сілкінісінің ауыр зардаптарына және көптеген қаза тапқандар мен зардап шеккендерге байланысты АҚШ пен Ұлыбритания Жапонияға көмек ұсынды.

3 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға елдің батысындағы Ното түбегіндегі жер сілкінісі салдарынан көптеген адам шығынына байланысты көңіл айтты.

Жапониядағы жойқын зілзала: қаза тапқандар саны 161-ге жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.