jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Оңтүстік Кореяда ит етін сатуға тыйым салатын заң қабылданды

Оңтүстік Кореяда ит жетектеген қыз
Оңтүстік Кореяда ит жетектеген қыз. Фото: ANTHONY WALLACE/AFP via Getty Images

Оңтүстік Корея 2027 жылға қарай иттерді союды және ет үшін сатуды толығымен тоқтатуға бағытталған жаңа заң қабылдады, деп хабарлайды BBC.

Заң ит етін жеудің ғасырлар бойғы "дәстүрін" тоқтатуға бағытталған. Кейінгі ондаған жылда ел тұрғындары, әсіресе жастар ит етін тұтынуын азайтқан.

Заңға сәйкес, елде тұтыну үшін иттерді өсіруге немесе союға, сондай-ақ ит етін таратуға немесе сатуға тыйым салынады. Тыйымды бұзғандарға қатысты бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр.

Иттерді союды ұйымдастырушылар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, ал иттерді ет үшін өсіретіндер немесе ит етін сататындар ең көп дегенде екі жылға қамалады.

Дегенмен, ит етін тұтынудың өзі заңсыз болмайды. Жаңа заң үш жылдан кейін, 2027 жылы күшіне енеді.

Осылайша, фермерлер мен мейрамхана иелері жұмыс пен табыстың балама көздерін табуға уақыт алып отыр. Олар жергілікті билікке өз бизнесін кезең-кезеңімен жабу жоспарын ұсынуы керек. Үкімет жабылуға мәжбүр болатын фермалар мен мейрамханаларға қолдау көрсетуге уәде берді.

Мемлекеттік статистикаға сәйкес, 2023 жылы Оңтүстік Кореяда ит етін ұсынатын 1600-ге жуық мейрамхана мен 1150 ит фермасы болған.

Оңтүстік Кореяда ит етін сатуға тыйым салатын заң қабылданды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.