Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияда тағы да жер сілкінді: пойыз қозғалысы тоқтады

Жарияланған күні:

Жер сілкінісі
Жер сілкінісі. Көрнекі фото: Anadolu агенттігі

Жапонның Ниигата префектурасында магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінісі тіркелді, бірақ цунами қаупі жоқ. Әзірше зардап шеккендер мен қирауға қатысты деректер де жоқ, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жапонияның метеорологиялық агенттігі мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 17.59-да (Астана уақытымен 14:59-да) Садо аралында тіркелген.

Бұл арал Ниигата префектурасына жатады және бұған дейін 1 қаңтарда жойқын зілзала болған Исикава префектурасындағы Ното жартыаралының маңында орналасқан.

Алайда цунами қаупі жоқ. Әзірше жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қирау туралы деректер де жоқ. Алайда кейбір учаскеде жүрдек пойыздар қозғалысы тоқтатылғаны атап өтілді.

Жапониядағы жойқын зілзала

Еске салайық, 1 қаңтарда Жапонияда бірқатар жойқын зілзаладан кейін цунами қаупі жарияланды. Бірден магнитудасы 5,7 және 7,4 болатын екі жер сілкінісі тіркелді. Осака, Киото және Токиода қатты сезілді. Кейінгі мәлімет бойынша, табиғи апаттан 161 адам қаза болған.

Жер сілкінісінің ауыр зардаптарына және көптеген қаза тапқандар мен зардап шеккендерге байланысты АҚШ пен Ұлыбритания Жапонияға көмек ұсынды.

3 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға елдің батысындағы Ното түбегіндегі жер сілкінісі салдарынан көптеген адам шығынына байланысты көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2054641-zaponiyada-tagy-da-zer-silkindi-poiyz-qozgalysy-toqtady/