Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эквадорда жаппай тәртіпсіздік болып жатыр: елде төтенше жағдай жарияланды

Опубликовано:

Эквадордағы жаппай тәртіпсіздік
Эквадордағы жаппай тәртіпсіздік кезінде түсірілген полицейлер. Фото: Romina Duarte/Agencia Press South/Getty Images

Эквадор президенті Даниэль Нобоа Гуаякиль қаласындағы TC Televisión телекомпаниясы ғимаратында адамдар кепілге алынған соң елде ішкі қарулы қақтығыс режимін жариялады, деп хабарлайды РБК.

Басылым мәліметінше, 8 қаңтарда Нобоа елде 60 күнге төтенше жағдай енгізілетіні туралы жарлыққа қол қойған. Бұл шешім елдегі түрмелерде бірнеше рет шыққан бүліктен кейін және елдегі ең ірі "Лос Чонерос" қылмыстық тобының басшысы Адольфо Масияс Вильямардың қашуынан кейін шығарылып отыр.

Мемлекет басшысы пенитенциарлық (қылмыстық-атқару жүйесі) жүйені бақылауды қалпына келтіру үшін қарулы күштерді тартуды көздеген. Кеше Нобоа "ішкі қарулы қақтығыстың бар екенін мойындауды" көздейтін тағы бір жарлыққа қол қойды.

Құжатта террористік ұйымдар мен соғысып жатқан мемлекеттік емес субъектілердің 22 трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық тобы аталған. Әскерилерге осы қылмыстық топтардың мүшелерін жою тапсырылған.

Эквадор басшысы елдің "егемендігі мен аумақтық тұтастығына кепілдік беру" және қылмыстық және террористік топтардың әрекеттеріне жол бермеу үшін "қарулы күштер мен ұлттық полицияның жұмылдырылуы мен араласуын" қамтамасыз етуді тапсырды. Ол үкімет тарапына үркітіп-қорқыту әрекеттері болып жатқанын айтып, топтармен келіссөз жүргізуден бас тартқан.

Басылым мәліметінше, жарлыққа 9 қаңтарда болған бірнеше шабуылдан кейін қол қойылған. Бұған дейін полиция ведомство қызметкерлері мен патрульдік көліктерге, соның ішінде жарылғыш заттарды қолданумен жасалған шабуылдар туралы хабарлаған болатын. 9 қаңтарда кешке қарулы топ Гуаякильдегі TC televisión телеарнасының ғимаратына басып кіріп, студиядағы тележүргізушілерді, сондай-ақ басқа қызметкерлерді кепілге алған.

Кейін ғимаратқа полиция келіп, қарулы топ мүшелерінің бір бөлігін ұстай алған.

Еске салайық, 35 жастағы Даниэль Нобоа үш айдан аз уақыт бұрын, былтырғы қазанда өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткен еді. Сайлау науқаны кезінде кандидаттардың бірі, бұрынғы журналист әрі мафиямен күресуші Фернандо Виллависенсио өлтірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2054715-ekvadorda-zappai-tartipsizdik-bolyp-zatyr-elde-totense-zagdai-zariyalandy/

pixel