jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Ресейдегі Wildberries қоймасынан шыққан өрт: компания 16 қызметкерімен байланыса алмай жатыр

Wildberries қоймасындағы өрт
Wildberries қоймасындағы өрт. Фото: РФ ТЖМ

13 қаңтарда, сенбіде қоймасы өртенген Wildberries компаниясының өкілдері қазіргі уақытта 16 қызметкерімен байланысқа шыға алмай отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы компания Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазіргі уақытта компания Санкт-Петербургтегі өртенген қоймада жұмыс істеген 16 қызметкердің орналасқан жерін анықтауға тырысып жатқаны хабарланған.

Кеше кешке Wildberries РИА Новостиге өрт кезінде қоймада болған 54 адаммен хабарласа алмай жатқанын хабарлаған.

Компания бұл адамдардың кейбірі жеке заттарын, соның ішінде телефондарын қоймада тез және қауіпсіз жерге жету үшін қалдырып кеткенін түсіндірген.

Кеше күндіз құтқарушылар құрылымдарды бөлшектеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлаған.

Еске салайық, 13 қаңтарда таңертең Шушарыдағы Wildberries қоймасында (Санкт-Петербургтің Пушкин ауданы құрамындағы ауыл) өрт болған еді. Ресей ТЖМ деректері бойынша, қойма кешеніндегі өрт алаңы 50 мың шаршы метрге жеткен.

Компанияның ресми сайтында Wildberries-ті Татьяна Бакалчук 2004 жылы құрғаны айтылған. Компания Ресей аумағында ғана жұмыс істемейді: 2014 жылы Wildberries Қазақстанда, 2017 жылы – Қырғызстанда, 2018 жылы – Арменияда ашылған.

Ресейдегі Wildberries қоймасынан шыққан өрт: компания 16 қызметкерімен байланыса алмай жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.