jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Қырғызстанда тікұшақ құлады: қаза тапқандар бар

Ми-8 тікұшағы
Ми-8 тікұшағы. Көрнекі сурет: SAID KHATIB / AFP) (Photo by SAID KHATIB/AFP via Getty Images

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Ми-8 әскери тікұшағы құлады, деп хабарлайды "Sputnik Қырғызстан" Telegram-арнасында.

Өз дереккөзіне сілтеме жасаған басылым оқиға "Достық" ықшамауданында болғанын жазды.

Бортта қанша адам болғаны қазіргі уақытта белгісіз. Алдын ала мәліметтер бойынша, тікұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 10:55-те оқу-жаттығу кезінде құлаған.

Оқиғадан бір адам қаза тапқаны және 7 адам зардап шеккені айтылады.

Қырғызстанның Қорғаныс министрлігі кейінірек "Кабар" арнасына берген мәлімет бойынша, елдің Әуе қорғанысы күштерінің тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын өткізу барысында мәжбүрлі түрде қатты қонғанын хабарлаған.

"Қорғаныс министрлігінің және ӘҚК лауазымды тұлғалары осы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижелері туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады", - деп атап өтті ведомстводағылар.

Кейінірек "Қырғызстан Sputnik" журналистеріне қорғаныс министрі Бақтыбек Бекболотов экипаж командирі қаза болғанын растаған.

Қазіргі таңда мамандар борттағы дыбыс жазу құрылғысын алған. Министр оқиға дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қырғызстанда тікұшақ құлады: қаза тапқандар бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.