jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Лавров Ресейдің "жақын ортасына" кіретін бес елді атады

Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров
Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров. Фото: Contributor/Getty Images

РФ СІМ басшысы Сергей Лавров Ресейдің "жақын ортасына" кіретін елдерді атады - олар БАӘ, Түркия, Иран, Катар және Сауд Арабиясы, деп хабарлайды РБК.

Ресей дипломатиясының 2023 жылғы нәтижелері бойынша өткен баспасөз мәслихатында РФ СІМ басшысы Сергей Лавров елдің "жақын ортасына" кіретін бес елді атады.

"Егер біз жақын ортамыз туралы айтатын болсақ, бұл, әрине, Таяу Шығыс елдері - Иран, Түркия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Катар", - деді Лавров.

Сонымен қатар, сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ресейдің Қытаймен қарым-қатынасын атап өтіп, олардың ғасырлар бойғы тарихындағы ең жақсы кезеңді бастан өткеріп жатқанын айтты. Лавров Үндістан туралы да айтты, оның пікірінше, бұл елмен ерекше артықшылығы бар, стратегиялық ынтымақтастық дамып келеді.

Сондай-ақ Ресей СІМ басшысы Батыс "гегемон" роліне әдеттеніп қалғанын айтқан.

Еске салайық, былтырғы ақпанда Ресей СІМ басшысы "Украинаның ізімен жүретін" келесі ел Молдова екенін мәлімдеген, өйткені, Лавровтың сөзінше, елдің басшысы Майя Санду НАТО-ға ұмтылып жатыр.

Бұған дейін Лавров Украина президенті Владимир Зеленскиймен қандай да бір келіссөз жүргізу мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеген. Сонымен бірге ол Мәскеу кез келген маңызды ұсынысқа жауап беруге дайын екенін айтқан.

Лавров Ресейдің "жақын ортасына" кіретін бес елді атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.