jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Екі кітап шығарған": БАӘ-де үш жастағы қыз әлемдегі ең жас жазушы атанды

қыз бала
Қыз бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Біріккене Араб Әмірлігінде Әл-Маха Рашид Әл-Мейри есімді үш жасар қыз Flower және Honeybee атты екі повесін жариялап, әлемдегі ең кішкентай жазушы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ АЗЕРТАДЖ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның арабтілді БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, 24 сағат ішінде екі кітаптың 1000 данасы сатылған. Әйелдер арасында ең жас жазушы атанған Әл-Маха Рашид Әл-Мейри Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Әл-Махи ерте жастан әңгіме мен сурет салуға қызыққан. Осының арқасында ол балаларға арналған фантастика жанрында әңгіме жазып үйренген.

Әл-Махи өз шығармаларында оқырмандарға экологиялық принциптердің маңызды екенін жеткізуді көздейді. Оның анасының айтуынша, Әл-Маха әңгімелерінде өзімен қатар балаларға қоршаған ортаны сақтаудың маңызды екенін айтады.

Әл-Махидің үлкен әпкесі қазіргі таңда екітілді кітап басылымы бойынша ең жас жазушы болып саналады. Ал ағасы - ер адамдар арасындағы ең жас автор.

"Екі кітап шығарған": БАӘ-де үш жастағы қыз әлемдегі ең жас жазушы атанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.