jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

SpaceX компаниясы ғарышқа төрт туристі ұшырды

Ғарыш кемесінің ұшырылу сәті
Ғарыш кемесі. Көрнекі фото: twitter.com/SpaceX

Axiom Mission 3 (Ax-3) миссиясы аясында Crew Dragon кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ғарыш туристері ұшырылды, деп хабарлайды SpaceX сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Компания сайтында жарияланған хабарға сәйкес, кеше, 18 қаңтарда шығыс уақытымен 16:49-да (19 қаңтарда, жұмада, Астана уақытымен 03:49-да) NASA-ның Кеннеди атындағы ғарыш орталығындағы ұшыру кешенінен Falcon 9 зымыран тасығышы арқылы Crew Dragon ұшырылған.

"Орбита зертханасында экипаж адам физиологиясы мен өнеркәсіптегі технологиялық жетістіктерге арналған 30-дан астам ғылыми эксперименттер жүргізеді", - делінген SpaceX сайтында.

Ax-3 экипажының құрамында төрт адам бар: NASA-ның бұрынғы ғарышкері Майкл Лопес-Алегрия (кеме командирі), Италия әскери әуе күштерінің полковнигі Вальтер Вилладей, Швеция азаматы Маркус Вандт және Түркия әскери әуе күштерінің ұшқышы Альпер Гезеравджы.

SpaceX компаниясы ғарышқа төрт туристі ұшырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.