Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ Ауғанстандағы ұшақ апатынан қаза болғандардың тізімін жариялады

Опубликовано:

Ұшқыш ұшақ бортында
Ұшқыш ұшақ бортында Көрнекі сурет: pixabay.com

Ресейлік ерлі-зайыпты Ауғанстанда ұшақ апатынан қаза болды. Ұшақ жеке рейс орындау кезінде жанармай мен қозғалтқыш ақауларына байланысты апатқа ұшырады.

Shot Telegram-арнасы Ауғанстанда апатқа ұшыраған Falcon 10 ұшағында болған адамдардың толық тізімін жариялады:

Жолаушылар:

— Анна Евсюкова, 64 жас;

— Анатолий Евсюков, 65 жас.

Экипаж:

— Дмитрий Беляков, 41 жас;

— Аркадий Грачёв, 42 жас;

— Игорь Сывороткин, 26 жас;

— Павел Попов, 44 жас.

РИА Новости хабарына қарағанда, Ауғанстанда апатқа ұшыраған ұшақ таиландтық Паттайядан Мәскеуге екі техникалық қонумен жеке медициналық эвакуациялық рейс орындаған.

"Бортта жатқызылған күйдегі науқас ауыр жағдайда болды, ол Паттайя ауруханаларының бірінен Ресейге жеткізілуі керек еді. Оның жанында күйеуі, жеке кәсіпкер, сонымен қатар рейс құнын төлеп берген Ресей азаматы болды", - деп хабарлайды ресейлік басылым Таиландтың Утапао әуежайындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Сонымен қатар отбасымен бірге бортта медициналық бригада мен экипаж болғаны айтылады.

Baza Telegram-арнасының хабарлауынша, апатқа ұшыраған жеке джет ұшағында Евсюковтар отбасы, Волгодонск кәсіпкерлері Анна мен Анатолий ұшқан.

15 желтоқсанда олар демалу үшін Таиландқа әдеттегі жолаушылар ұшағымен келген. Олармен бірге ұлы Виталий болған. Алайда бірнеше күннен кейін әйел өзін нашар сезініп, белгілі бір инфекция жұқтырғаны хабарланды.

Тай дәрігерлері кейінірек Евсоюковқа әйелін Ресейге әкетуге кеңес берген. Сондықтан жекеменшік бортқа тапсырыс беріліп, ол Паттайядан 20 қаңтарда ұшып кеткен.

"Ал Үндістанда жанармай құйылды. Әрі қарай Ташкентте жанармай құю керек болды. Содан кейін Мәскеуге ұшуы керек болды. Алайда Ауғанстанда ұшқыштар қозғалтқыш пен жанармай мәселесі туындағанын хабарлаған. Борт Ауғанстанның Бадахшан ауданындағы тауларда құлады", - делінген Telegram-арнаның хабарламасында.

Кейінірек, Евсюковтардың баласы Паттайядан әдеттегі рейспен ұшып шығып, Ресейге қонғанда ғана ата-анасы қаза болғанын білген.

Shot Telegram-арнасының хабарлауынша, Анатолий Евсюков - кәсіпкер. Волгодонскіде 1999 жылы "Машенка", содан кейін "Авангард" және "Анна" базарларын ашқан. 2014 жылдың шілдесінде тұтыну нарығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін "Дон өлкесінің игілігіне ерен еңбегі үшін" медалін алған. 2017 жылы Анатолий Евсюков облыс губернаторының "Мейірімділік пен қайырымдылық үшін" белгісімен марапатталғаны.

Бұған дейін ұшақ Ауғанстан тауларында апатқа ұшырағаны хабарланған болатын. Әуе кемесі Бадахшан провинциясында апатқа ұшырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2056622-baq-auganstandagy-usaq-apatynan-qaza-bolgandardyn-tizimin-zariyalady/

pixel