jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Трамп Байден АҚШ президенті сайлауынан бас тартатынын мәлімдеді

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Joe Raedle / Getty Images

Байден 2024 жылы АҚШ президентін сайлаудан бас тартады. Дональд Трамп американдық телеарнаға берген сұхбатында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды РБК.

Ресейлік басылымның хабарлауынша, Дональд Трамп сұхбатында Байден сайлаудан бас тартатынын айтты.

Журналистің Байден президенттік жарыстан шығып қалады деп ойлай ма деген сұрағына Трамп: "Менің ойымша, солай болады", - деді.

Сонымен қатар, NBC News мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Дональд Трамп пен Никки Хейли АҚШ президентіне Республикалық партиядан үміткер.

Демократтардан:

  • Джо Байден;
  • Мэриэнн Уильямсон;
  • Дин Филлипс.

Тәуелсіз кандидаттар:

  • белсенді әрі жазушы Корнел Уэст;
  • белсенді әрі дәрігер Джилл Стайн;
  • Кіші Роберт Кеннеди.

АҚШ-тағы президенттік сайлау 2024 жылдың 5 қарашасында өтеді және Штаттар тарихында 60-шы болады. Егер қазіргі 46-шы президент Джо Байден сайлауда жеңіліп қалса, осы сайлауда АҚШ-тың 47-ші президенті сайланады.

Трамп Байден АҚШ президенті сайлауынан бас тартатынын мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.