jitsu gif

Қытайда өрттен 40-қа жуық адам қаза тапты (видео)

Қытайда шыққан өрт сәті
Қытайда шыққан өрт сәті. Фото: twitter.com/shanghaidaily

Қытайдың Цзянси провинциясындағы Синюй қаласында алапат өрттен 39 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Агенттіктің хабарлауынша, сәрсенбіде түстен кейін Қытайдың шығысындағы Синюй қаласындағы ғимараттан өрт шығып, 39 адам қаза тапты.

Жергілікті төтенше жағдайлар штабының өкілдері таратқан хабарға қарағанда, өрт Юйшуй ауданындағы дүкенде сағат 15:00 шамасында басталған.

Сондай-ақ, агенттік мәліметінше, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин өрттің себептерін тергеуді тапсырып, қауіпсіздік ережелерін бұзу жағдайларының алдын алуға бұйрық берді. Желіде куәгерлер жариялаған кадрларда ғимараттың үстінде түтін шығып, адамдар терезелерден секіріп жатқанын көруге болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.