Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы Владимир Путинді президенттікке кандидат ретінде тіркеді

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясы Владимир Путинді 2024 жылы өтетін президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркеді. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылым ақпаратынша, Владимир Путин Ресейде ресми түрде президенттікке кандидат атанды.

Бұған қоса парламенттік емес саяси партиялардан ұсынылған кандидаттар – Сергей Малинкович, Борис Надеждин, Андрей Богданов, Сергей Бабурин, Ирина Свиридова 31 қаңтарға дейін кемінде 100 мың қол жинауға тиіс екені мәлім болды. Оның ішінде "Ресей коммунистерінің" жетекшісі Малинкович 29 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясына қол қойылған парақтарды тапсырды.

Өзін-өзі ұсынған кандидаттар – Владимир Путин, Анатолий Баташев кем дегенде 300 мың қол жинауы қажет.

Ал Орталық сайлау комиссиясы 10 ақпанға дейін барлық кандидатты тіркеу туралы шешім қабылдауы керек.

Айта кетейік, Владимир Путин қазан айында 71 жасқа толған еді.

Владимир Путиннің президент болған жылдары

  • 2000 жылғы 26 наурызда Ресей Федерациясының президенті болып сайланды, 2000 жылғы 7 мамырда қызметіне кірісті;
  • 2004 жылғы 14 наурызда екінші мерзімге Ресей Федерациясының президенті болып сайланды;
  • 2012 жылғы 4 наурызда Ресей Федерациясының президенті болып сайланды, 2012 жылғы 7 мамырда қызметіне кірісті;
  • 2018 жылғы 18 наурызда Ресей Федерациясының президенті болып қайта сайланды.

Жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне көлемді сұхбат берді. Онда ол Ресейде алдағы уақытта өтетін президент сайлауы Қазақстанға қалай ықпал ететінін, Путин жөнінде ойын ортаға салған еді.

"Ресей Федерациясының әлемдік сая­сатта аса маңызды рөл атқараты­нын және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі екенін ұмытпаған жөн. Ресей президенті Владимир Путин – сөзімен де, ісімен де жаһандық ахуал­ға ықпал ететін тұлға. Ресейдің ұста­ны­мымен бүкіл әлем санасатыны жа­сырын емес. Бұл мемлекеттің қаты­суын­сыз дүние жүзінде бірде-бір проблема шешілмейді. Ол айдан анық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған қоса ол Ресей секілді алпауыт елдегі президент сайлауының халықаралық мән-маңызы қашанда жоғары және оған әлемнің көптеген елі назар аударатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2058052-reseidin-ortalyq-sailau-komissiyasy-vladimir-putindi-prezidenttikke-kandidat-retinde-tirkedi/

pixel