jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Новости русской службы Би-би-си

АҚШ Иранның Ирак пен Сириядағы нысандарына зымыранмен соққы жасауды бастады

АҚШ туы
АҚШ туы. Көрнекі фото: pixabay.com

Америкалық авиация 28 қаңтарда Иорданиядағы базаға ұшқышсыз ұшақпен жасалған соққыға жауап ретінде Ирак пен Сириядағы ирандық құрылымдардың нысандарына соққы бере бастады. Иорданиядағы базаға жасалған соққы салдарынан үш америкалық сарбаз қаза тапқан.

Ресми мәлімдемеге сәйкес, 2 ақпан күні АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) күштері Ирак пен Сирияда Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусына және сонымен байланысты қарулы құрылымдарға соққы берді.

АҚШ-тың әскери күштері 85-тен астам нысанды атқылады, бұған қоса АҚШ-тан көптеген ұшақ, соның ішінде алысқа ұшатын бомбалаушы ұшақтар ұшып келген.

Әуе соққыларында 125-тен астам дәлдігі жоғары оқ-дәрі қолданылған. Соққы жасалған нысаналар арасында бұйрық беру және басқару орталықтары, барлау орталықтары, зымырандар, ұшқышсыз ұшақтарды сақтау қоймалары және логиситка нысандары бар.

Біраз уақыттан кейін Ақ үйдің ресми сайтында президент Джо Байденнің мәлімдемесі жарияланды.

"Біздің жауабымыз бүгін басталды. Ол өзіміз таңдайтын уақыт пен жерде жалғасады. Америка Құрама Штаттары Таяу Шығыста немесе әлемнің кез келген жерінде қақтығыс іздемейді. Бірақ бізге кім зиянын тигізгісі келсе, біле жүрсін, америкалыққа зияныңызды тигізіп отырсыз, біз жауап береміз", - деді АҚШ президенті.

Байденнің мәлімдемесінен кейін АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин "АҚШ пен коалиция күштеріне жасалған шабуылдар үшін Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусына және оған қарасты жасақтарды жауапқа тартуға" әрекет етуді бұйырғанын айтты.

"Біз американдық әскерлерге жасалған шабуылдарға төзбейміз. Біз АҚШ-ты, күштерімізді және мүдделерімізді қорғау үшін барлық қажетті әрекетті жасаймыз", - деді ол.

АҚШ Иранның Ирак пен Сириядағы нысандарына зымыранмен соққы жасауды бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.