jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Намибия президенті 82 жасында қайтыс болды

Намибия президенті
Хаге Гейнгоб. Фото: twitter.com/NamPresidency

Намибия президенті Хаге Гейнгоб 82 жасында өмірден өтті. Ол қатерлі ісік ауруынан емделіп жатқан ауруханада қайтыс болған, деп хабарлайды президенттің кеңсесіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін, 2024 жылдың 4 ақпанында, шамамен сағат 12:04-те Намибия Республикасының президенті Хаге Гейнгобтың өзі ем қабылдап жатқан Lady Pohamba ауруханасында қайтыс болғанын қайғыра отырып, хабарлаймын", - делінген хабарламада.

Мәлімдемеде министрлер кабинеті президенттің қайтыс болуына байланысты "Қажетті үкімет шараларын қабылдау үшін дереу жиналатыны" атап өтілді.

Намибия ақпаратына сүйенсек, қаңтар айының басында Намибия президенті өзіне қатерлі ісік диагнозы қойылғанын хабарлады.

Содан кейін ол 25 қаңтарда емделуге АҚШ-қа ұшып кеткен.

Хаге Гейнгоб екі күн емделіп, 30 қаңтарда Намибияға қайта оралған.

Намибия президенті 82 жасында қайтыс болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.