Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәкістанда қарулы топ полиция бөлімшесіне шабуылдады: 10 офицер қаза тапты

Опубликовано:

Пәкістан туы
Пәкістанның мемлекеттік туы. Көрнекі фото: gettyimages/Muhammad Arif/EyeEm

Қарулы содырлар Пәкістанның солтүстік-батысындағы Дера-Исмаил-Хан қаласындағы полиция бөлімшесіне шабуыл жасады. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар, деп хабарлайды India Times басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті биліктің мәліметінше, шабуыл бүгін, ақпанның 5-і таңғы сағат 3-тер шамасында болған.

Қару-жарақ пен граната ұстағандар полиция бөлімшесіне шабуылдап, кейін ғимаратқа басып кірген. 10 офицер қаза тауып, 6 қызметкер жараланды. Әзірге ешбір қарулы топ болған оқиғаға жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

ABC News арнасының хабарлауынша, полицияның аға офицері Анис-уль-Хассан құқық қорғау қызметкерлері шабуыл жасағандарды іздестіріп жатыр деп мәлімет берген.

Бір айта кетерлігі, шабуыл елдегі жалпыұлттық сайлауға үш күн қалғанда жасалып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2059181-pakistanda-qaruly-top-policiya-bolimsesine-sabuyldady-10-oficer-qaza-tapty/

pixel