Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қажылыққа барған өзбекстандықтар еліне қайта алмай, далада қалған

Опубликовано:

Мекке қаласында қасиетті Қағбаны айналып жүрген адамдар
Мекке қаласында қасиетті Қағбаны айналып жүрген адамдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Мекке мен Мәдинаға қажылыққа барып, елге қайтатын кезде қиындықтарға тап болған өзбекстандық қажылар туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өзбекстанның Жиддадағы бас консулдығына сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстанның Жиддадағы бас консулдығының мәліметінше, өзбекстандықтардың сапарларын жеке туристік компаниялар ұйымдастырады.

"Бұл жағдай әуе қатынасын жүзеге асырудағы техникалық ақауларға, сондай-ақ туристік компаниялардың мұндай сапарларды ұйымдастыруда қажетті дағдылары мен тәжірибесінің болмауына байланысты болған.

Өзбекстанның көлік министрлігі басқа да құзырлы органдармен бірлесіп, Өзбекстан азаматтарын елге қайтару бойынша шара қабылданып, қосымша рейстер кестесі жасалды", - делінген мәлімдемеде.

2024 жылғы 4 ақпанда консулдықтың ақпараты бойынша, қажылардың бір бөлігі Өзбекстанға қайтқан, қалған азаматтар жақын арада үйлеріне оралады.

"Өзбекстанның Эр-Риядтағы елшілігі мен Жиддадағы бас консулдығы жағдайды бақылауға алып, тұрақты түрде мониторинг жүргізуде, өзбекстандықтарға қажетті консулдық, құқықтық және басқа да көмек көрсетуде. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, біз азаматтарымызды сабырлы болуға және Сауд Арабиясында талаптарды сақтауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2059196-qazylyqqa-bargan-ozbekstandyqtar-eline-qaita-almai-dalada-qalgan/

pixel