jitsu gif branding logo appbranding logo app

Башқұртстанда 70 жастағы қария мен 88 жастағы әжей шаңырақ көтерді (видео)

Зугра Тагирова
Қалыңдық атанған 88 жастағы әжей. Фото: ria.ru

Башқұртстанда 70 жастағы қария мен 88 жастағы әжей отау құрды. Бұл туралы РИА Новости сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Башқұртстандағы Старобайшский қарттарға арналған интернат үйінде ерекше той өтті. 70 жастағы Халаф Хабирялов пен 88 жастағы Зугра Тагирова неке қиған.

Қалыңдық бұған дейін Украинада тұрған, алайда Украина қарулы күштерінің шабуылдары кезінде ол бәрінен айырылып, бірнеше күн орманды кезіп жүрген. Ресей әскерилері әжейді тауып алып, оның өтініші бойынша өзі туып-өскен Башқұртстанға жеткізілген.

Әйел біраз уақыт ағасының қасында болып, кейінірек Старобайшский пансионатына орналасады. Бұл жақта 70 жастағы Хабирялов көңілін білдіріп, ақыры үйленуге ұсыныс жасайды.

Ал бейсенбі күні жергілікті молда Ильдар-хазрет Миргазтдинов қос қарияның некесін қиды.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, мұсылман ұйымдары ұйымдастырған мерекелік дастарханда жас жұбайлар әзілдесіп, көңіл көтерген.

"Біз Халаф пен Зуграға жеке бөлме беруді ұйғардық. Олар бақытты әрі ұзақ ғұмыр кешсін. Бір қызығы, екеуі де қаншама қиындықты бастан өткерсе де, өмірге деген сүйіспеншілікті жоғалтпаған. Тіпті жастары жиырмадағыдай, көңілдері жас", – деді пансионат директоры Салауат Гиззатуллин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Шымкенттегі қарттар үйінде 72 жастағы Рахымқұл Бегалыұлы мен 62 жастағы Найла Мұхаммедқызының шаңырақ көтергенін жазған болатынбыз.

Башқұртстанда 70 жастағы қария мен 88 жастағы әжей шаңырақ көтерді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.