Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илон Маск Нобель сыйлығына ұсынылды

Опубликовано:

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Justin Sullivan / Getty Images

Норвегиялық депутат Мариус Нильсен сөз бостандығын қорғаудағы еңбегі үшін Илон Маскты Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынды. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Британдық басылымның жазуынша, норвегияның либертариандық прогресс партиясының депутаты Мариус Нильсен Илон Масктың кандидатурасын "диалогты, сөз бостандығын табанды қорғағаны және өз пікірін білдіруге мүмкіндік бергені үшін" ұсынғанын айтты.

Нильсен Масктың Starlink спутник желісін де атап өтті. Норвегиялық саясаткердің айтуынша, оны Украинада қолдану жауынгерлерге "тілдесуге, үйлестіруге және Ресейдің шабуылына қарсы тұруға" мүмкіндік береді.

"Маск құрған, иелігіндегі немесе басқаратын көптеген технологиялық компания қоғамды жақсартуға, Жер мен ғарыш туралы білімді кеңейтуге және бүкіл әлем бойынша байланыс орнатып, өзара әрекеттесуге мүмкіндік беруге бағытталған. Олар әлемді неғұрлым өзара байланысқан және қауіпсіз етуге көмектесті." - деді Нильсен.

Наурызда Нобель комитеті ұсынылған барлық кандидатты қарап, қысқа тізімді бекітеді.

Үміткерлердің арасында британдық эколог Дэвид Аттенборо, австралиялық белсенді Джулиан Ассанж, Рим Папасы Франциск, БҰҰ басшысы Антонио Гутерриш, палестиналық журналист Хинд Худари, НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг, Колумбия президенті Густаво Петро және АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп бар.

Еске салайық, өткен жылы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы ирандық құқық қорғаушы Наргиз Мохаммадиге әйелдердің қысымына қарсы күресі үшін берілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2062096-ilon-mask-nobel-syilygyna-usynyldy/

pixel