Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Time журналының нұсқасы бойынша "Жыл әйелі" анықталды

Опубликовано:

Грета Гервиг
Грета Гервиг. Фото: Stephane Cardinale - Corbis/Corbis via Getty Images

"Барби" фильмінің режиссері Грета Гервиг Time журналының нұсқасы бойынша "Жыл әйелі" атанды. Ол әртүрлі мамандықтағы 12 әйелдің тізімінде көш бастады. Бұл туралы басылым сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Time журналы әртүрлі мамандықтағы 12 әйелдің жыл сайынғы тізімін жариялады, биыл оның көшін "Барби" фильмнің режиссері Грета Гервиг бастады.

"Кейінгі жылда Грета Гервигтің "Барби" фильмінен асқан әсерлі шығармашылық фильмдер аз болды. Ол бұрыннан қалыптасқан гендерлік стереотиптерге қарсы шығып, 1,4 миллиард доллардан астам табыс жинады. Сондай-ақ алғашқы үш жеке фильмі Оскардың "Ең үздік картинасына" ұсынылған жалғыз режиссерге айналдырды", - делінген журналдың сайтындағы мақалада.

Грета Гервиг басылымның наурыз айындағы санының мұқабасына шығады. Ол ақ-қара фотосуретке классикалық костюммен түскен.

Айта кетейік, Time журналының жыл әйелдері тізіміне Гервигтен басқа америкалық экономист Клаудиа Голдин, медицина ғалымы Марлена Фейзо, теннисші Кори Гауфф, ирак құқық қорғаушысы Надия Мурад, Chanel компаниясының бас директоры Лина Наи және тағы басқалар кірді.

Үміткерлер наурыздың басында Лос-Анджелестегі "Әйелдер тарихы" айының құрметіне Time журналының жыл сайынғы гала кешіне қатысады.

Еске сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында Warner Bros дистрибьюторлық компаниясының мәліметі бойынша, "Барби" фильмі прокатқа шыққаннан кейін бар-жоғы 17 күннің ішінде миллиард доллар табыс тапқан. Ал Грета Гервиг қосалқы режиссердің көмегінсіз түсірілген фильмі миллиард доллардан астам табыс әкелген алғашқы әйел режиссерге айналды.

Сондай-ақ "Барби" фильмінің керемет жетістігі Mattel-ге 2023 жылы қуыршақ сатылымын арттыруға көмектесті. Кейінірек Mattel American Girl деп аталатын тағы бір танымал қуыршақ туралы толықметражды фильм шығаруға дайындалып жатқанын хабарлады.

Биыл қаңтар айының басында АҚШ-та үздік фильмдерге арналған "Алтын глобус" марапаты табыс етілді. "Барби" номинациялар саны бойынша "Оппенгеймерден" сәл аздау болғанымен, үздіктер қатарында болды. Тоғыз номинацияда бар фильм екі марапатқа ие болды. Олардың бірі жаңа, кинематографиялық және кассалық жетістіктер үшін. Билли Айлиштің фильмге жазылған саундтрегі өз санатында үздік деп танылды.

Айта кетейік, "Барби" IMDb рейтингі 6,9 және әлемдік түсімі 1,442 миллиард доллармен 2023 жылдың ең көп табыс әкелген фильмі болды. Грета Гервигтің фильмі Saturn Award сыйлығының сегіз номинациясына ие болды және 60-қа жуық марапат алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2062317-time-zurnalynyn-nusqasy-boiynsa-zyl-aieli-anyqtaldy/

pixel