Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда жүк кемесі көпірге соқтығысып, автобус суға құлады (видео)

Опубликовано:

Кеме
Көрнекі фото: pixabay.com

Қытайдың оңтүстігінде жүк кемесінің соқтығысуы салдарынан көпір опырылып, автобус суға құлады. Оқиға Гуанчжоу қаласында болған. БАҚ көліктердің де суға құлағанын жазып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фошаньнан келе жатқан контейнер тасымалдаушы бос кеме Чжуцзян өзеніндегі Лисиньша көпірінің аралық көпір тірегіне соғылды, деп жазады РИА Новости Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап.

Соқтығыс салдарынан көпірдің бір бөлігі опырылған. Оқиға орнына тиісті бөлімшелер келіп, құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Лисиньша көпірі арқылы көлік қозғалысы уақытша жабылды. Сондай-ақ көліктер суға құлағаны туралы да хабарламалар бар. Автобус суға құлады деп хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, автобуста бір ғана жүргізуші болған.

South China Morning Post бірнеше көліктің суға құлағанын жазады. Әзірге қайтыс болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Британ энциклопедиясына сәйкес, Чжуцзян өзені (Інжу-маржан өзені - ред. ескерт.) - Си, Бэй, Дун және Чжу өзендерінің сағалық жүйесі. Оның аумағы 7500 шаршы км және солтүстіктегі Гуанчжоу қаласынан оңтүстігінде Макао арнайы әкімшілік ауданына дейін созылып жатыр.

Бұл - Қытайдың ең тығыз қоныстанған аудандарының бірі. Мұнда заманауи өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы 1980 жылдардан бері қарқынды дамыды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2062364-qytaida-zuk-kemesi-kopirge-soqtygysyp-avtobus-suga-qulady-video/

pixel