Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Палестинаның премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді

Опубликовано:

Мұхаммед Штайе
Мұхаммед Штайе. Фото: Ludovic Marin/Getty Images

Палестина премьер-министрі Мұхаммед Штайе Газа секторындағы зорлық-зомбылық пен соғыстың өршуіне байланысты үкімет тарайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Al Jazeera арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мұхаммед Штайе Палестина президенті Махмуд Аббасқа қызметінен кету туралы өтініш берді.

"Оставкаға кету туралы шешім Батыс жағалау мен Иерусалимдегі бұрын-соңды болмаған шиеленістерге, сондай-ақ Газа секторындағы соғыс, геноцид пен ашаршылыққа байланысты қабылданды", - деді ол.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Штайе 1958 жылы Палестинаның Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Наблус қаласында дүниеге келген.

1981 жылы Рамаллах маңындағы Бирзейт университетінде экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған. 1983 жылы Ұлыбританияның Сассекс университетінде экономикалық даму бойынша магистр дәрежесін, 1989 жылы доктор дәрежесін алды.

1990 жылы экономика кафедрасының доценті, 1992 жылдан Бирзейт университетінің студенттер ісі жөніндегі деканы қызметін атқарды.

1994 жылы Палестинаның басқа басшыларымен бірге Палестинаның Даму және қайта құру жөніндегі экономикалық кеңесін (PECDAR) құрды. 1996 жылдан бері осы кеңесті басқарды.

2005-2009 жылдары Қоғамдық жұмыстар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі қызметін атқарған.

2009 жылдан – ФАТХ қозғалысы орталық комитетінің мүшесі.

2013 жылы ол Израильмен келіссөздерде Палестина делегациясының мүшесі болды.

2019 жылдың 10 наурызында Палестина президенті Махмуд Аббас Штайені Палестинаның премьер-министрі қызметіне тағайындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2063078-palestinanyn-premer-ministri-otstavkaga-ketetinin-malimdedi/

pixel