Венгрия Швецияның НАТО-ға кіру өтінішін ратификациялады
Жарияланған күні:
Венгрия парламенті Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін ратификациялады - Венгрия одақтың бұлай жасамаған соңғы елі болған еді. Ратификацияланғаннан кейін Швеция ресми түрде НАТО-ның 32-ші мүшесі болады, деп жазады РИА Новости.
Қорытынды дауыс беру барысында 188 депутат жақтады, алтауы қарсы болды, төрт депутат дауыс бермеді. Бұған дейін Швецияның НАТО-ға мүшелігін Түркия бұғаттап келген.
Еске салайық, 2022 жылдың мамырында Финляндия мен Швеция көпжылдық әскери бейтараптық саясатынан бас тартып, НАТО-ға кіруге өтініш білдірген еді.
Өз кезегінде Түркия президенті (НАТО-ға кіреді) Режеп Тайып Ердоған бұл идеяны қолдамайтынын мәлімдеді. Ол "Күрдістан жұмысшы партиясының" (КЖП) мүшелері "осы Скандинавия елдерінде жұмыс істейді" деген (бұл ұйымға Түркия аумағында тыйым салынған). Кейін Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне қойылатын талаптарын айтқан.
2023 жылдың шілдесінде Режеп Тайып Ердоған егер Түркия Еуропалық Одаққа қабылданса, Анкара Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдайтынын мәлімдеді. Алайда түрік лидері Швецияның НАТО-ға кіру әрекеттерін жеткіліксіз деп атаған.
Ал сол жылдың қарашасында Түркия парламентінің сыртқы істер жөніндегі комиссиясы Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін талқылауды кейінге қалдырды. Жаңа отырыс белгісіз мерзімге ауыстырылған.
Кейінірек Түркия парламенті Швецияның НАТО-ға қосылуына дауыс берді. Швеция 2022 жылдың мамырында Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылуға өтініш берді. Осы жылдың қаңтарында Түркия Швецияның НАТО-ға кіруін ресми түрде мақұлдады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2063128-vengriya-sveciyanyn-nato-ga-kiru-otinisin-ratifikaciyalady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.