jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Венгрияда жанжалдан кейін президент ауысты

Венгрия президенті
Венгрия президенті Тамаш Шуйок. Фото: ATTILA KISBENEDEK/AFP via Getty Images

Венгрия парламенті Конституциялық соттың төрағасы Тамаш Шуйокты бес жылға ел президенті етіп сайлады, бұған дейін ол Каталин Новактың отставкасын қабылдаған.

Венгрия президентін парламент бес жыл мерзімге сайлайды.

Шуйоктың кандидатурасын 134 депутат қолдады, бесеуі қарсы болды. Оппозициялық партиялар дауыс беруге қатысқан жоқ, деп жазады РИА Новости.

Шуйок осы жылдың 5 наурызында қызметке кіріседі деп хабарланды.

Басылым мәліметінше, президентті сайлау үшін кандидатты депутаттардың кем дегенде 2/3 бөлігі қолдауы қажет. Билеуші партияларға 199-дан 133 депутат келеді.

Еске салайық, бұған дейін Венгрияда жанжал болған: Каталин Новак бүгінгі ресми отставкасына дейін ел президенті болған, ол өзінің отставкасын тікелей эфирде жариялады.

Бұл қадамын ол педофилдерді қолдағаны үшін сотталған адамға рақымшылық жасағаным үшін деп түсіндірді.

Айта кетейік, Венгрияда президент негізінен рәсімдік өкілеттерге ие, негізгі билік үкіметтің және әсіресе премьер-министрдің қолында шоғырланған.

Венгрияда жанжалдан кейін президент ауысты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.