jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Түркияда жер сілкінісі болды: бір адам қаза тапты

Түркияның жедел жәрдем көлігі
Түркияның жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: Altan Gocher/NurPhoto via Getty Images

Кеше, 4 наурызда кешкі уақытта Түркияның солтүстік-батысындағы Чанаккале қаласында жер сілкінді. Салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды CNN Türk арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Түркияның Табиғи апаттарды басқару басқармасына (AFAD) сілтеме жасаған арна мәліметінше, дүйсенбіде, 4 наурызда сағат 21:38-де Чанаккале қаласында магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінен кейінгі афтершоктар басқа бірнеше провинция мен Стамбұлда да сезілді.

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая оқиғаға қатысты түсінікт беріп, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қираулар тіркелмегенін хабарлады.

"Қазіргі таңда жер сілкінісінің салдары жоқ. Біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз", - деді ІІМ басшысы зілзаладан кейінгі алғашқы сағатта.

Алайда төтенше жағдай салдарынан бір адамның қаза тапқаны кейін белгілі болды. Ақпаратты сол елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа ресми түрде растады.

"Бурса қаласында жер сілкінісі кезінде бір адам екінші қабаттың терезесінен секіріп, ауыр жарақат алды. Дәрігерлер қанша тырысқанымен оны аман алып қала алмады", - деді Түркияның денсаулық сақтау министрі.

Түркияда жер сілкінісі болды: бір адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.